Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 12–16 мамыр аралығында 10-сынып оқушыларына арналған 5 күндік әскери-дала жиыны бастау алды. Бұл жиын аясында ұлдарға әскери дайындық сабақтары өтсе, қыздар үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бағытында биология пәнінің мұғалімі Төлегенова Дина Елемесқызы арнайы тәжірибелік сабақтар өткізуде.
Жиынның алғашқы күнінде оқушыларға алғашқы көмектің маңыздылығы туралы жалпы лекция сабағы өткізілді. Сабақ барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:
- Қан кету түрлері: артериялық, веналық және капиллярлық қан кетудің айырмашылығы мен көмек көрсету жолдары;
- Жараны дұрыс таңу, тазалау және күтім жасау әдістері;
- Бас жарақаттары мен басқа жарақаттар кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем;
- Жасанды тыныс беру және жүрекке жанама массаж жасау сынды маңызды медициналық дағдылар.
Оқушылар бұл теориялық білімді практика жүзінде де қайталап, шынайы өмірдегі жағдайларда қолдануға машықтанды. Бір-біріне таңу жұмыстарын жүргізіп, алғашқы көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін тәжірибе арқылы меңгерді.
Бұл сабақтар қыздар үшін ғана емес, жалпы адам өмірін сақтап қалуға арналған баға жетпес білім болды. Өйткені алғашқы медициналық көмек – өмірге өте қажетті, ал төтенше жағдайда дұрыс әрі шұғыл көмек көрсету – адам өмірін сақтап қалудың керемет мүмкіндігі!
Қыздар сабақтан үлкен әсер алып, мұндай пайдалы әрі қажетті дағдыларды болашақта да меңгеріп отыру керектігін түсінді. Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
Жастардың қауіпсіздігі үшін осындай сабақтардың жиі өтіп тұрғаны өте қуантады!
Келешекте қыздарымыз кез келген жағдайда білімді ұрпақ екенін дәлелдей алады деп сенеміз!