Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 25 қазан – Республика күніне арналған “Республикам – мақтанышым” атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар:
- Республика күні туралы мәліметтермен танысты;
- Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері жөнінде видеоматериал көрді;
- Тақырыптық өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады;
- Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы ерекше байқалды.
Сынып сағаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың өз Отанын мақтан тұтып, ел болашағына деген сенімі мен жауапкершілігі арта түсті. Іс-шара өз мақсатына толық жетті.
Мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан Республикасының тарихына, тәуелсіздігіне, ұлттық рәміздеріне деген құрметін арттыру; елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу; азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Республика күні туралы білімдерін кеңейту.





