Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ" ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ" ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 28 ақпан күні мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жолдас Жанна Серікбайқызының ұйымдастыруымен "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығын іске асыру мақсатында, мектеп-лицейдің педагогикалық құрамына «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

‼️Құрметті педагогтер!

Ұлттық тестілеу орталығының тестілеу пунктерінде 2025 жылы аттестаттаудан өтетін педагогтер және педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар үшін педагогтердің білімін бағалау (бұдан

әрі – тестілеу) келесі мерзімдерде:

🔰тестілеу 21-28 ақпан, өтініштерді қабылдау 19-22 ақпан аралығында;

🔰тестілеу 7-17 сәуір, өтініштерді қабылдау 1-5 сәуір аралығында;

🔰тестілеу 18-25 сәуір, өтініштерді қабылдау 15-20 сәуір аралығында өтетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты барлық педагогтер жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында тестілеуге тіркеліп, тестілеу пункттеріне уақытымен келулері қажет.

Биылғы жылы аттестаттаудан өтетін педагогтердің барлығы ақпан, сәуір аралығында тестілеуден өтіп үлгеретінін мәлімдейміз.

‼️Тестілеуге аттестаттау мерзімі келген педагогтердің барлығы міндетті түрде тіркеліп, тестілеуден өтуі қажет! Ал мерзімінен бұрын тапсыратын педагогтер тек құжаттары сәйкес келген жағдайда, яғни әдістемелік орталықтар мақұлдағаннан кейін ғана тестілеуге тіркелулерін сұраймыз.

🛑Ескерту: тестілеу бірінші рет –тегін, екінші рет – ақылы негізде өтеді.

#testcenterkz #аттестация #тест #озп #пбб #oqu_agartu_ministrligi #gani_beisembayev #педагог

https://www.facebook.com/share/p/1RCWPTv1KY/