Отырар ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл атындағы мектеп- лицей» КММ-де 1 сәуір күні өте маңызды топтық семинар өтті.
Семинардың өзекті тақырыптары:
«Аудан көлеміндегі алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу»
«Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың және ерте жүктіліктің алдын алу»
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу»
Қатысушылар: Семинарға 160 маман, оның ішінде Отырар АПБ КПБ-нің бастығы, полиция капитаны Ә.Сейдехан, АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты З.Надирова, Отырар АПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары,мектеп қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды қоршаған ортадағы қауіптерден қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды.