Сынып сағаты: "Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру"
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында "Отбасы күніне" орай "Отбасылық дәстүрлер – тарихты сақтау, болашақты құру" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы ұғымының маңызы, ұрпақтар сабақтастығы және отбасылық құндылықтар туралы ой бөлісті.
Әр оқушы өз отбасындағы ерекше дәстүрлер, әже мен атаның тәрбиесі мен өнегесі туралы әсерлі естеліктер айтып, ұлттық салт-дәстүрлердің бүгінгі ұрпақ өміріндегі рөліне тоқталды.
Отбасы – тәрбие мен мәдениеттің бастауы, ал дәстүр – сол отбасылық мұраның алтын арқауы.
Сынып сағаты оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға, отбасыға деген құрметін арттыруға бағытталды.