Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Отбасы - бақыт мекені

Жамбыл атындағы мектеп - лицейінде 14.09.2025 жылы «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» аясында "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарысты ұйымдастырудың мақсаты: Отбасылық құндылықтарды нығайту – ата-ана мен балалар арасындағы ынтымақтастықты, бірлікті арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – спортқа қызығушылықты ояту, денсаулыққа мән беруді үйрету. Ұрпақтар сабақтастығын көрсету – үлкендер мен кішілердің бірге әрекет етуі арқылы өзара сыйластықты дамыту. Бос уақытты тиімді өткізуге баулу – отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне жағдай жасау.

Жан-жақты дамуға ықпал ету – жарыс арқылы шыдамдылық, батылдық, ептілік, ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру.

Жарысқа мектебіміздің 9 А,Ә,Б сынып аналары мен оқушылары қатыстырылды. Жарыс өте тартысты, қызықты өтті. Жарыс соңында қатысқан топтар сыйлықтармен марапатталды.