Ортағасырлық Отырар қаласының зерттелуі тақырыбында танымдық сабақ өтті
Бүгін тарих пен археологияға қызығушылық танытатын жастарға Ортағасырлық Отырар қаласының зерттелуі тақырыбында ерекше танымдық сабақ ұйымдастырылды.
«Отырар» музей-қорығының ғылыми қызметкері Ү.Жұмабайқызы Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп-лицейінің «Жас археолог» үйірмесінің (жетекшісі О.Құлымбетов) оқушыларына дәріс оқып, Отырар қаласы туралы кітаптарды таныстырды.
Сабақ барысында қатысушылар Отырардың бай тарихымен, археологиялық қазба жұмыстарының маңыздылығымен және табылған жәдігерлердің құндылығымен танысты. Сонымен қатар, ортағасырлық қаланың сауда-саттықтағы рөлі мен мәдени дамуына тоқталып, зерттеушілердің еңбектері жайлы тың ақпараттар алды.
Іс-шара аясында жас зерттеушілерге арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, интерактивті форматта сұрақтар қойып, «Отырар - өркениет ордасы» және «Отырар қаһарман қала» тақырыптарында эссе жазып, тарихи деректерге талдау жасады.
Бұл танымдық сабақ жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, Отан тарихына деген қызығушылығын арттырып, туған жердің бай мұрасын тереңірек түсінуге септігін тигізді.Танымдық сабақтан соң, оқушыларға музей экспозициясы таныстырылды.
Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларға алғыс білдіреміз!
#Отырар #ТарихиМұра #Археология #ТанымдықСабақ #ОртағасырлықҚала
Жамбыл Жабаев Атындағы Мектеп-Лицейі
https://www.facebook.com/100011252385951/videos/942620691370573/