"Өнегелі 15 минут" айдары
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы шеңберінде енгізілген “Өнегелі 15 минут” шарасы - ата-аналар үшін күнделікті баламен тығыз байланыс орнатудың тиімді жолдарының бірі.
Бұл шараның мақсаты- әр ата-ананы күнделікті баласымен ашық сөйлесуге, оның жан дүниесіне үңілуге және оған қолдау көрсетуге үндейді. Күнделікті 15 минуттық әңгімелесу арқылы ата-аналар баланың психологиялық жай-күйін біліп, оның өміріне етене араласа алады.
4 "В" сынып оқушысы: Абдулла Айғанымның әжесімен қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы,бесікке бөлеу және тербету жайлы танымдық әңгімесін ұсынамыз.