Оқушылар мен ата-аналар назарына!![]()
Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында тікелей эфирі өтеді.
Түркістан облысының прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған ашық форматтағы онлайн-кездесу өткізеді.
Облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов өңірдегі балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, оқушылар мен ата-аналар көтерген мәселелерді талқылайды.
Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру
Интернеттегі қауіпсіздік
Зорлық-зомбылықтың алдын алу
Мектеп пен көшедегі тәртіп
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Барлық мектеп оқушыларын, ата-аналарды және педагогтерді тікелей эфирге белсенді қатысуға шақырамыз!
Өтетін күні: 3 желтоқсан 2025 жыл
Уақыты: сағат 10:00
Тікелей эфир парақшалары:
Instagram: @turkistan.obl.prokuratura, @daulet_tlemissov
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК
#ТүркістанОблысыныңБілімБасқармасы





