ОҚУҒА ҚҰШТАР БАЛАНЫҢ - ШЫҢДАЙМЫЗ БИІК ТАЛАБЫН!
«Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам» деген даналардан қалған нақыл бекер айтылмаса керек-ті. Бала болашағының жарқын болуы үшін шәкірт жүрегіне ізгіліктің шамшырағын жағу – ұлағатты ұстаздардың еншісіндегі өнегелі іс. Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп- лицейінде екінші жарты жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жиырмадан астам түрлі бағыттағы жоба жұмыстары қолға алынды.