Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Өмір – ойын емес!

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – лудомания мен нашақорлық. Бұл дерттер тек бір адамның ғана емес, тұтас отбасының, тіпті қоғамның болашағына қауіп төндіреді.

02.04.2026 күні Туркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Қапанов Жандос Сейітханұлы,Туркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Тұрысбеков Ғалымбек Қанатұлы,Отырар АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Бердіқұлұлы Тілектес мырзалардың қатысуымен кең ауқымда жиналыс өткізілді.

🎯 Лудомания – жеңіл ақшаға деген құмарлықтан басталып, өмірді құрдымға жетелейді.

🎯 Нашақорлық – адам денсаулығын ғана емес, рухын да жояды.

Осындай зиянды әдеттердің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әсіресе жас ұрпақтың санасына дұрыс тәрбие беріп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен өнерге баулу – ең тиімді жолдардың бірі.

👨‍👩‍👧‍👦 Ата-ана – балаға алғашқы тәрбиеші.

🏫 Мектеп – бағыт беруші орта.

🤝 Қоғам – қолдаушы күш.

Бірге әрекет етсек қана біз жарқын болашақ қалыптастыра аламыз!

❗️Есіңізде болсын:

Өмір – ойын емес!

Болашағыңды бүгіннен бастап қорға!

https://www.facebook.com/share/v/1HBEMh9FL5/