#МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті қазақ елі, киелі Отырар өлкесі және мектеп-лицей ұжымы,
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!!!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз — Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!
Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.
Құрметпен Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің директоры:
Қылышбаева Қадиша Әуесқызы
#Жамбыл_атындағы_мектеп_лицейі
#Отырар_ауданының_білім_бөлімі
#құттықтау_мектеп_лицей_директоры_Қылышбаева_Қадиша_Әуесқызы