«Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты тағылымды тәрбие сағаты
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 2 "А" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Якубова Дәнегүл Көшербайқызының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты мазмұнды тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, елдік пен бірлік туралы ой қозғап, жүрек тебірентер өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар ұлттық рухты көтеретін би қойылымдары мен мазмұнды сұрақ-жауаптар шараның мәнін арттыра түсті.
Бұл тәрбие сағаты балалардың отанға деген сүйіспеншілігін нығайтып, тәуелсіздіктің бағасын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.
Тәуелсіздік – бабалар аманаты, бізге жүктелген қасиетті жауапкершілік!





