Мектептегі жәрмеңке
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 5 сыныпттар оқушыларының ұйымдастыруымен «Ас адамның арқауы» атты жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу. Атаулы іс-шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Өз тараптарынан демеушілік жасап, ақыл-кеңес беріп, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті. Оқушылардың еңбектерімен жасалған тағам түрлері, жеміс-жидектер мен сан-алуан қол өнер бұйымдары да сатылымнан өз орындарын тапты.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, үнемшіл болуға үйретеді,жігерлендіреді, шынықтырады демекші,
жәрмеңке соңында оқушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алғандарын білдіріп жатты.