Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

🎊🎊🎊МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС🎊🎊🎊

🎊🎊🎊МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС🎊🎊🎊

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде

2025ж. 23 мамыр күні "Мектебім, саған мың алғыс!” тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды мектеп-лицей директоры Хадиша Әуесқызы өзінің құттықтау сөзімен ашып, түлектерге сәттілік тіледі және мектебіміздің мәртебесін көтеріп, түрлі байқаулардан жетістікке жеткен оқушыларымызды марапаттады.

Осы тұста Отырар ауданы білім бөлімінің әдіскері Жақсыбаева Манат, Шәуілдір ауылдық округінің әкімі Қыдыров Ғалым,ардагер ұстаздар Тұрабаев Төрәділ,Ордабаев Абдулла мен ата-аналар комитетінің төрағасы .Ембергенов Қалдыбай,қамқоршылық кеңестің төрағасы Нысанбек Білім, АПБ Жергілікті Политция Бөлімі бастығы Меңлібаев Талғат Базарханұлы жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

Мектебімізден 10,20,30 жыл бұрын арман қуып, қанат қаққан түлектер де мектебіне сағынышпен оралып, аяулы ұстаздарын мерекемен құттықтады.

Салтанатты шарада түлектер ортада дөңгеленген құшақ биін биледі. Алтын ұясынан түлеп ұшқалы отырған түлектер күміс қоңырауды сыңғырлатты.

Алтын ұя мектебімен және аяулы ұстаздарымен қимай қоштасып, қанаты жаңа қатайған жас қырандай алыс сапарларға, асқарлы биіктерге аттанғалы тұрған түлектерімізге Ақ жол,сәт сапар тілейміз.

🔖 #ЖамбылАтындағыМектепЛицейі

🔖 #Мектебімсағанмыңалғыс

🔖 #КүмісҚоңырау2025

🔖 #ОтырарАуданы

🔖 #БілімБөлімі

🔖 #Түлек2025

🔖 #OtrarAudandykBilimBolimi

https://www.facebook.com/share/p/12DtW26PsGw/