Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

"МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"

🔔"МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ" 🔔

🎊🔔 1 қыркүйек- Білім күні құтты болсын! 🔔🎊

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылында Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға қонақтар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушыларды алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндермен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты. Мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызы ата-аналар мен жас бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәтті қадам тіледі.Сондай-ақ ардагер ұстаз Көлбаев Жалғасбай ағай құттықтау сөз сөйлеп, білім мен тәрбиенің қоғамдағы маңызын атап өтті. Ол балаларға жарқын болашақ пен жоғары жетістіктер тіледі.

Мерекелік жиын барысында ата-аналар атынан Ата-аналар комитетінің төрағасы Ембергенов Қалдыбай ағай сөз алып, жүрекжарды тілегін арнап, ұстаздарға ризашылығын білдірді.

Көптен күткен алғашқы қоңырау үні 1-сынып бүлдіршіндері үшін ерекше әсерлі сәтке айналды.

Жамбыл атындағы мектеп-лицейі – білімнің шамшырағы, мейірім мен парасаттылықтың ордасы.

Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын!

#БілімКүні2025

#ЖамбылатындағыМектеплицейі

#МектебімМейірімМекенім

#ЖаңаОқуЖылы

#Bilim_quni

#Mektebim_meirim_mekeni

https://www.facebook.com/share/p/1FPkFPn6fH/