Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің кәсіби бағдар беруші маманы Нұрбекова Гүлжаухар Егембердіқызының ұйымдастыруымен 11 сыныптар арасында “Мамандық таңдау” кеші өтті.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары туралы нақты ақпарат ұсыну, оқушылардың жеке тәжірибелері арқылы кәсіби бағдар қалыптастыру және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жөнінде түсінік беру.
Әр саладан келген жетекші мамандар мен оқушылар арасында өткен сұхбаттасу кеші өте мазмұнды әрі пайдалы болды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерінің таңдаған мамандықтары, оқу барысындағы тәжірибелері және болашаққа қойған мақсаттары туралы кеңінен әңгімеледі.Әр саланың мамандары мамандық таңдаудың маңыздылығын, еңбек нарығындағы сұраныстарды және кәсіби дамудың жолдарын атап өтті.
Бұл кеш шәкірттердің болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар берді. Осындай кездесулер оқушылардың өз мүмкіндіктерін тануына және саналы түрде мамандық таңдауына үлкен ықпал етеді.





