Бүгін қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Жамбыл атындағы мектеп-лицейі кітапханасының тұрақты оқырмандары ақын өлеңдерінен жыр шашу етті.
Кеш барысында оқырмандар Мұқағалидың жүрекке жетер жырларын тебірене оқып, ақын шығармашылығына деген ерекше құрметтерін көрсетті.
Мұқағали жырлары – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Ақын мұрасы әрдайым халқымен бірге жасай бермек.





