МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ – 95 ЖЫЛ![]()
Жамбыл атындағы мектеп-лицейі кітапханашылары мен
8 "А" сынып оқушыларының (Сынып жетекшісі Төлбасиева Асия Жанәбілқызы) ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының ақиығы, сыршыл ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған оқу сағаты өткізілді.
Оқу сағаты барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасап, жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқыды.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, поэзия арқылы рухани тәрбие беру, Мұқағали мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Оқушылар ақын өлеңдерінен алған әсерлерімен бөлісіп, терең ойға қалды.
Мұқағали жырлары – мәңгілік, ал оның өлеңдері ұрпақ санасында әрдайым жаңғыра бермек.





