Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ҰЛЫЛАР ОТАНЫ - ОТЫРАРДА СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

https://www.facebook.com/share/p/1AUKNYUSU4/

⚜️ҰЛЫЛАР ОТАНЫ - ОТЫРАРДА СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ⚜️

2025 жылдың 24 желтоқсан күні Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру және спорт саласы бойынша "ЖЫЛ ҮЗДІГІ" өтер жылдың қорытынды мерекелік іс-шарасы өте жоғары деңгейде өтті. Аталған мерекелік іс-шараға спорт ардагерлері мен жаттықтырушылар және спортшылар қатысты. Биылғы жыл біздің Жамбыл атындағы мектеп-лицейі үшін жемісті жыл болды. Айта кету керек 90 жылдық тарихы бар қара шаңырақ білім ордасы Жамбыл атындағы мектеп-лицейі "Жылдың үздік мектебі "атанып,тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Марапаттау жиынында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы құттықтау сөз сөйлеп, республикалық, халықаралық жарыстарда ауданымыздың абыройын асқақтатып, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшыларға сәттілік тіледі.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Спорт ең біріншіден тәртіпке, екіншіден, мақсатқа қол жеткізуге үйретеді. Әрқайсыңыздың алдыңызға қойған мақсаттарыңыз бар. Соның ішінде спортшылардың ең басты мақсаты – әлемдік додаларда жеңіске жетіп, еліміздің көк байрағын биікке көтеру. Осы жетістікті бағындыруды, дәл сол сәттегі қуанышты сезінуді әрқайсыңызға тілеймін»-дей келе бір топ азаматтарға алғыс хаттарды табыстады. Жүлделеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін! Өтер жылға өкпе жоқ, келер жылға үміт көп! Балалар спорты дами берсін! Ұлылар Отаны - Отырар спорты жасасын! #СпорттыБіргеДамытайық