Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс
“Ұлттық спорт – ұлт рухы!”

“Ұлттық спорт – ұлт рухы!”

“Ұлттық спорт – ұлт рухы!”

🏫 Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2024-2025 оқу жылының 20-наурызы күні “Наурызнама” бағдарламасы аясында “Ұлттық спортты ұлықтау” атты “Ұлы дала ойындары” спорттық іс-шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, оларды қазақтың бай мұрасымен таныстыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Спорттық шараға дене шынықтыру пәні мұғалімдері , сондай-ақ ДТІЖО М.Ахметов қатысып, оқушылар арасында тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды.

Жарыстың ерекше сәттері 🏆

🔹 Тоғызқұмалақ – логикалық ойлау мен стратегиялық қабілетті дамытуға бағытталды.

🔹 Арқан тарту – оқушылардың бірлік пен командалық рухын нығайтты.

🔹 Асық ату – ептілік пен көзмергендікті сынады.

Барлық қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық ойындардың қыр-сырын меңгеруге тырысты. Жарыс соңында үздік ойыншылар арнайы марапаттарға ие болды.

Осындай шаралар ұлттық дәстүрді жандандырып, оқушылардың қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырары сөзсіз! 🎯💪✨

#nauryznama2025

https://www.facebook.com/share/p/156PrUgpFi/