Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА»

«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА»

Жамбыл атындағы мектеп-лицей кітапханасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында кітапханашы Жанзақ Алтын Біржанқызының ұйымдастыруымен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы – оқырмандарға кітап оқуға баулу, кітап қорының жаңаруына үлес қосу және кітапхананы дамыту мақсатында ұйымдастырылған игі шара. Акция барысында ұстаздар мен оқушылар өздері оқыған кітаптарын басқа да оқырмандар оқысын деген ниетпен кітапханаға сыйға тартты.

Бұл игі іс- шараның мақсаты:

  • Кітапхана қорын толықтыру;
  • Оқырмандар арасында кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру;

Қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

«Кітап сыйла – білім сыйла»

https://www.facebook.com/share/p/17w7XxrxuB/