Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс
"Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз"

"Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз"

Түркістан облысы, Отырар ауданы ,Шәуілдір ауылы,Жамбыл атындағы мектеп-лицейі кітапханасында 2024-2025 оқу жылының 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" атты тақырыпта іс-шара өткізілуде. Бұл шара "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Мектеп кітапханашылары оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығы туралы айтып, кітаптың адам санасын байытып, рухани дамуына тигізер пайдасын түсіндірді. Осы уақыт аралығында оқушылар көп кітап оқып, өз ой-өрістерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мақсаты– кітап оқу арқылы оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізіп, таным көкжиегін кеңейту. Кітап – білімнің қайнар көзі екенін ұғындыру және оқушылар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру.

#Жамбыл_атындағымектеплицейі

#Біртұтас_тәрбие

#Түркістан_білім_басқармасы

#Отырар_ауданыбілім_бөлімі

#кітапхана

#қысқы_демалысhttps://www.facebook.com/share/p/1AzfD9sPBh/