Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Құрметті Нағима Зұлпыхарқызы!

Құрметті Нағима Зұлпыхарқызы!

Сізді бүгінгі лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық жолындағы адал еңбектеріңіз, білім мен тәрбиені қатар ұштастырған қажырлы қызметтеріңіз – шәкірттеріңіз бен әріптестеріңіз үшін әрдайым үлгі. Сіздің табандылығыңыз бен үлкен жүрегіңіздің арқасында талай жас биікке қанат қағып, өз жолын табуда.

Нағима Зұлпыхарқызы, “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісі құтты болсын! Бұл – сіздің білім мен тәрбие жолындағы табандылығыңыздың, кәсіби шеберлігіңіздің және шәкірттерге деген шынайы жанашырлығыңыздың жемісі.

Нағима Зұлпыхарқызы - тәжірибелі әрі кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім. Негізгі мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасының көтерілуіне бірден бір үлес қосып жүрген ұстаздардың бірі.Ол қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады және адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз.Соның нәтижесінде шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүрген ұлағатты ұстаз.

Нағима Зұлпыхарқызы сізге зор денсаулық, таусылмас шабыт, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Әрдайым биік белестерді бағындырып, шәкірттеріңіздің жүрегінде мәңгілік із қалдыратын ардақты ұстаз болып қала беріңіз.

Осындай ұстаздардың еңбегін бағалап, әрдайым қолдау білдіріп жүрген Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлына шынайы алғысымызды білдіреміз.

https://www.facebook.com/share/v/1BCJoEgdGa/