Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Құрметті ата-аналар,оқушылар және ұстаздар қауымы, Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті ата-аналар,оқушылар және ұстаздар қауымы, Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

16 желтоқсан – азаттық таңы атып, ата-бабамыз аңсаған асқақ арманның орындалған Ұлы күні! Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды ұлықтап, білім мен тәрбиенің нәрін сеуіп, адамдықтың диқаншысы атанып, рухы биік, намысы берік ұрпақ тәрбиелеуде Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз! Осындай маңызы бар тарихи мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау - біздің басты мұратымыз.

Мереке қарсаңында Сіздерге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан,шәкірттеріміздің күміс күлкісін тілеймін, барлық бастама - талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!

Құрметпен

Жамбыл атындағы мектеп-лицей директоры- Қылышбаева Қадиша Әуесқызы

https://www.facebook.com/share/r/1NYZNPktrn/