Құрметті ата-аналар!
Қасиетті Ораза айының басталғанына санаулы күндер болды.
Бұл ай – мейірім мен сабырды, ізгілік пен жауапкершілікті арттыратын ерекше кезең.
Осыған байланысты төмендегі мәселеге назар аударуларыңызды сұраймыз.
Балаларымыздың амандығы мен қауіпсіздігі – біздің басты назарымызда. Әсіресе осы айда кешкі және түнгі уақытта олардың көшеде жүруі бізді алаңдатады.
Соңғы күндері кейбір оқушылардың үй-үйді аралап, көлік қозғалысы көп көшелер мен жол қиылыстарында «жарапазан» айтып жүргені байқалуда.
Бұл – балалар үшін қауіпті жағдай.
Қазіргі таңда Отырар ауданы білім бөлімі және құзырлы органдар және ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Мектеп оқушыларына арнайы жиналыс жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, кешкі уақытта балалар ата- ананың бақылауында болады. Сол үшін, сіздерден өтінеріміз – балаларыңыздың кешкі және түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін қадағалаңыздар.
Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігінде.Сондықтан балаңыздың өмір қауіпсіздігі үшін кешкі және түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін, үйде болуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабы және 442-бабының 2-тармағына сәйкес, сабақтан тыс уақытта баланың жол және өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-ананың құзырында екенін ескертеміз.
Түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет!
Жамбыл атындағы мектеп-лицей директоры-
Қылышбаева Қадиша Әуесқызы





