ҚОҢЫРАУДАҒЫ КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде “Тілші” әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Көңілді үзіліс” өткізілді.
Мақсаты: Oқушылардың үзілісін қызықты әрі пайдалы етіп өткізумен қатар, олардың көңіл-күйін, бір-біріне деген сыйластығын, мейірімділігін арттыру, достыққа, адамгершілік пен әдептілікке тәрбиелеуге бағытталды.
“Көңілді үзіліс” - білім алушының мектептегі әрбір минутын тиімді өткізіп, өзара ынтымақтастықты, ұжымдық бірлікті қалыптастыруда таптырмас уақыт.