Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Құқық - әділет пен парасат жолы

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Жамбыл мектеп-лицейінде "Құқық - әділет пен парасат жолы" атты маман кеңесі өтті. Аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы С. Каленова "Бала құқығы - адам құқығы" атты слайд арқылы адам құқығы мен міндеттері туралы түсіндірді. Кеш қонағы АПБ жасөспірімдер жөніндегі инспекторы, полиция капитаны - Д. Ерденоваға сөз беріліп, Ата Заңымыздаға адам құқығы туралы бабымен таныстырып, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігін, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау керектігін, ешкімнің ар-намысына тиіп балағаттамау жөнінде түсіндіріп өтті. Оқырмандар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өз құқықтары мен міндеттері туралы толық мағлұмат алды