Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

Отырар аудандық білім бөлімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы №251/459 шығыс хатына сәйкес және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы талаптарын орындау мақсатында білім беру ұйымында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған түсіндірме жұмыстарын мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторы, полиция капитаны Д. Ерденова бірлесіп өткізді. Кездесу барысында қазіргі таңда кеңінен таралып отырған интернет-алаяқтық қылмыстарының түрлері жан-жақты түсіндірілді.

Атап айтқанда:

🔹 Банк қызметкері немесе құқық қорғау органы атынан қоңырау шалу арқылы жеке деректер мен құпия кодтарды алу әрекеттері;

🔹 Әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, тауарға алдын ала төлем алып, байланысқа шықпай кету жағдайлары;

🔹 Мессенджерлерде таныстардың атынан ақша сұрау фактілері;

🔹 Танымал тұлғалардың атын пайдаланып, «жеңіл табыс» ұсынатын жалған инвестициялық жобалар;

🔹 Ұялы байланыс операторы атынан хабарласып, құпия код сұрау арқылы жеке деректерге қол жеткізу тәсілдері.

Сонымен қатар, «дроппер» ұғымы түсіндіріліп, өз банк картасын немесе шотын үшінші тұлғалардың пайдалануына беру, күмәнді қаржы аударымдарына қатысу заң алдында жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Жастардың «жеңіл табыс» ұсыныстарына алданып қалмауы қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында оқушыларға: ✔ жеке деректерді қорғау;

✔ күмәнді сілтемелерге өтпеу;

✔ бейтаныс адамдарға құпия код бермеу;

✔ тек ресми әрі сенімді платформаларды пайдалану туралы нақты кеңестер берілді.

Мақсат – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, киберқылмыстың алдын алу және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

https://www.facebook.com/share/p/1C6GSDiRsn/