Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

📌"ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"

✍️"Жамбыл атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 4 ақпан күні сағат 11:00-де Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының іске асырылуы аясында маңызды іс-шара өтті.

📝Аталған шара Түркістан облысы прокурорының орынбасары Д. Б. Тілемисовтың қатысуымен 9–11 сынып оқушыларымен Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир форматында ұйымдастырылды.

🔷Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Прокурор орынбасары оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат беріп, құқық бұзушылықтың салдары жөнінде нақты мысалдар келтірді.

🔶Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, жасөспірімдерді заңға бағынуға, жауапкершілікке және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

🖋Мектеп әкімшілігі!

#ҚауіпсізБалалықШақ

#ЗаңМенТәртіп

#ҚұқықтықСауаттылық

#ОнлайнКездесу

#МектепӨмірі

https://www.facebook.com/share/p/1KP8QQk5Fd/