Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ЖӘНЕ ЛУДОМАНИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

📢«ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ЖӘНЕ ЛУДОМАНИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

📌Түркістан облысы,Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында «Қаржылық алаяқтық және лудомания» тақырыбында жиналыс өткізілді.

📌Іс-шараның негізгі мақсаты – мұғалімдер мен кіші қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қоғамда жиі кездесетін алаяқтық түрлерінің алдын алу болып табылады.

📌Мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге заманауи қоғамда белең алып келе жатқан лудомания мәселесі мен оның адам өміріне тигізер зияны туралы жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, қаржылық алаяқтықтың түрлі әдістері, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, сонымен күресу жолдары мен сақтық шаралары жөнінде пайдалы мәліметтермен бөлісті.

📌Жиналыс барысында өмірлік мысалдар арқылы қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, әрбір ұжым мүшелері өз құқықтары мен міндеттерін білуі — қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі екенін атап өтті.

https://www.facebook.com/share/p/1JxpieN2Ya/