Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Қадыр Мырза Әлінің туғанына – 90 жыл

 Қадыр Мырза Әлінің туғанына – 90 жыл

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр.Халқымыздың ардақты азаматы, қазақ поэзиясының ойшыл ақыны Қадыр Мырза Әлі шығармаларының шоқтығы биік. Ол ғажап теңеулер келтіріп, философиялық ойлармен түйін түю арқылы қазақтың қара өлеңін заңғар шыңға шығарды.24-ші қаңтар күні Жамбыл мектеп-лицей кітапханашылары мен Асия Тулбасиева апайларымыздың ұйымдастыруымен “Қазақтың дана - Қадыры” атты әдеби-танымдық кеш өтті. 7 сынып оқушылары ақынның өмірбаянымен слайд арқылы танысып, жазушының өзі берген сұқбатын тамашалады. Оның өлеңдерін мәнерлеп оқып, “Домбыра” атты өлеңіне негізделген сахналық көрініс қойды. Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған “Атамекен” әнін шырқап, әдеби кешті тәмамдады. Кешке Қадыр Мырза Әлінің лекцияларын студент кезінде тыңдаған, сол кісінің көзін көрген Жанна Жолдасты арнайылап шақыртып, әңгімесін тыңдадық. Өте әсерлі, керемет кеш болып өтті.

 

https://www.facebook.com/share/p/1A8m2B8353/