Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Ілияс Есенберлинның туғанына - 110 жыл!

Ілияс Есенберлинның туғанына - 110 жыл!

Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл -110 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыста жауымен, кейінгі ғұмырында қазақ тарихын тұмшалаған даумен арпалысты. Әсіресе, жазушының «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» сынды үш кітаптан құралған трилогиясы қазақ санасындағы өрлікті көркем сөзбен оятып, тарихымызды танытты. Тұлға қос майданда да Жеңіске жетіп, ұлтының рухын жігерлендірді.

Ілияс Есенберлин еңбегі тек қазақ еліне ғана емес, алты құрлыққа мәшһүр. Әлемнің 40 тіліне аударылып, 3 миллионнан аса данамен таралды.

28 қаңтар күні мектеп кітапханашылары ұйымдастырумен І. Есенберлинның туғанына 110 жыл толуына орай, 9”А” сынып оқушыларының қатысуымен жазушының шығармаларын талдау сағаты өтті. Сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, жазушының “Көшпенділер” трилогиясы және “Қаһар” романдарын талдады. Оқушылардың Ұлы тұлғаларымызды ұлықтағаны - жанымызға қуаныш сыйлайды.

https://www.facebook.com/share/p/18J4MqqJR3/