Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

16 сәуір күні "Лингвист" бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармалары» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын тереңірек таныту, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өмірбаяны, айтыскерлік өнері, патриоттық және елдік рухтағы жырлары туралы мазмұнды баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, оқушылар Жамбыл шығармаларынан үзінділер оқып, оның рухани мұрасының бүгінгі күнмен сабақтастығын көрсете білді. Конференция жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

Ұлт руханиятының асыл қазынасын насихаттауға бағытталған мұндай іс-шаралардың маңызы зор.

#ЖамбылЖабаев #ҒылымиКонференция #РуханиМұра #БілімОрдасы

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02uLAEdTysmSohuuc5ixGtPP2p8TdTZ68RP9gJ1MYYYiNmd17MVMYS5CotKKVvEqMNl&id=100075484974000