Есірткіге жол жоқ: Мектепте маңызды деректі фильм көрсетілді
2026 жылдың 3 ақпан күні Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 5-11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу және жастарды жат әдеттерден сақтандыру мақсатында «Закладчики. Мать» деректі фильмі көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Жасөспірімдерге есірткі тасымалдаудың (закладчик) соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын түсіндіру;
Қате қадамның тек адам өміріне ғана емес, жақындары мен ата-анасына тигізер зардабын көрсету;
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен ашық пікірталас жүргізілді. Балалар туындыдан алған әсерлерімен бөлісіп, «оңай олжаның» артында өкінішке толы тағдырлар тұрғанын ұғынды.





