"Ерлікке тағзым-ұрпаққа өнеге".
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.Мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп,пікір-алмасып ,жүрек тебірентер ойларымен бөлісті.Биыл Ауған соғысына 36-жыл толып отыр.Мектебіміздің директоры Қадиша Әуесқызы ардагер қонақтарымызға жылы лебізін білдіріп,рақыметін айтып өтті.
Ауған соғысының ардагерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздер батырлық пен ерліктің символысыздар. Өмір жолдарыңыз әрқашан жарқын болып, денсаулықтарыңыз мықты, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын. Ұрпақтарыңыз сіздердің ерліктеріңізді мақтан тұтып, бейбіт күнде бақытты өмір сүрсін. Қашанда аман-есен жүріңіздер!