Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Елімнің бакытын тербеткен Тәуелсіздік

🇰🇿«Елімнің бакытын тербеткен Тәуелсіздік!»

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде “16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне” орай 3 "А" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Жүсіпбай Бағила Кетпенбайқызының ұйымдастыруымен «Елімнің бакытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ашық тәрбие сағатын өтті.

✨ Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздік тарихы, оның маңызы мен құндылықтарын түсіндіру, бейбітшілік пен татулықты бағалай білуге тәрбиелеу.

🔹 Оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи кезеңдермен танысып, бейбітшілік, бірлік және тұрақтылықтың ел дамуы үшін басты құндылық екенін ұғынды.

🔹 Топтық жұмыстар, бейнероликтер және сұхбаттық бөлімдер арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізіп, Отанына деген мақтаныш сезімін білдірді.

🔹 «Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Бейбіт ел – жарқын болашақ» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар ұсынылды.

🇰🇿 Тәуелсіздік – біздің баға жетпес байлығымыз, ал бейбітшілік – оның ең басты тірегі.

Бүгінгі ұрпақ – еңселі елдің жарқын болашағы!

#Адал_азамат

#QR_Oqu_agartu_ministrligi_Министерство_просвещание_РК

#Түркістан_облысының_Білім_Басқармасы

#Отырар_Ішкі_Саясат_Бөлімі

#Әдістемелік_Кабинет

#Отырар_Ауданы_Білім_Бөлімі

#Жамбыл_АтындағыМектепЛицейі

https://www.facebook.com/share/v/1C1QejjXHB/