Түркістан облысы Отырар ауданы Жамбыл атындағы мектеп-лицейі.
Физика пәнінің мұғалімі Бекбаев Сәкен
10 “Б” сыныбына «Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тақырыпты жақсы меңгеріп, белсенділік танытқан. Ашық сабақта электрсыйымдылықтың негізгі ұғымдары, конденсаторлардың түрлері және олардың қолданылуы жан-жақты талқыланды. Бұл сабақ оқушылардың физикалық құбылыстарды түсініп, оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған білімдерін нығайтуға мүмкіндік берді.