Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Электоралдық принциптер- сайлаушы сенімінің негізі

🔰Дүниежүзілік сайлау күніне орай таныстырылым өткізілді.

⚜️ Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Жамбыл атындағы мектеп-лицей" КММ-де дүниежүзілік сайлау күніне орай 2026 жылы 29-қаңтар күні №521 сайлау учаскесінің мүшелері Әжібеков Асқар Сусарұлы мен Маханбетов Кенжегелді Биімбетұлы мектеп оқушыларына «Электоралдық принциптер- сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында таныстырылым өткізді. Оқушыларға сайлаудың маңыздылығын, жас сайлаушылар елдің болашағына бейжай қарамайтын жаңашыл ойлайтын буын екенін және олардың белсенділігі мен саналы таңдауы қоғамның дамуына серпін беретінін түсіндірді.

🔰​Жас сайлаушылардың саяси сауаттылығын арттыру; Олардың қоғам өміріне белсенді қатысуының маңызын ұғындыру;

Өз таңдауына жауапкершілікпен қарауға баулу;

​Сайлау жүйесі мен демократиялық құндылықтарды түсіндіру.

🔰​Таныстырылым барысында жоғары сынып оқушылары сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды.Оқушылар саяси науқанның әділ әрі ашық өтуінің маңыздылығын талқылады.

🔰​Біздің оқушылар еліміздің ертеңгі саналы, жас сайлаушылары!

#ДүниежүзілікСайлауКүні

#Сайлау2026 #Жассайлаушы

https://www.facebook.com/share/p/1DMbZLA51e/