ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН-АЛУ
Отырар ауданы,Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларымен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің бөлім басшысы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы, Отырар ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сарсеков Ғалымжан Рысқұлұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таралып жатқан теріс діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, деструктивті діни ағым өкілдерінің әрекеттері мен олардың танылу формалары жайында нақты мысалдар келтіріліп, жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды. Мұндай кездесулер оқушылардың діни көзқарасын қалыптастыруда, теріс бағыттағы ағымдардан сақтануында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.