Демалыс кезіндегі қауіпсіздік – басты назарда
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Отырар АПБ ЖПҚЮПТ инспекторы полиция капитаны Д.Ерденованың ұйымдастыруымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында балалардың жолда жүру ережелерін сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, интернет қауіпсіздігі, түнгі уақытта заңсыз жүрудің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – соңғы қоңырау күні автошеруге (заңсыз қаржылық ойындар мен күмәнді инвестициялық әрекеттерге) тартылудың алдын алу туралы маңызды ақпараттар берілді.
Ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкерші





