"Бір шаңырақ астында" ![]()
Бүгін мектебімізде 9 "Ә" сыныбының оқушылары мен жетекшісі Төлегенова Перизаттың ұйымдастыруымен татулық пен бірлікті дәріптейтін "Бір шаңырақ астында" атты тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысып, олардың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеді. Ән мен би, көріністер арқылы достық пен сыйластықтың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ел бірлігі мен ынтымақтастығын сіңіру, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Осындай игі шаралар арқылы оқушыларымыздың жүрегіне достықтың дәні себіліп, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрудің мәні тереңінен түсіндірілді.
Бірлік бар жерде – тірлік бар! ![]()





