Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Білімді шәкірт - мектеп-лицей мақтанышы!

Білімді шәкірт - мектеп-лицей мақтанышы!

Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болуы өсіп келе жатқан жастарымыздың қабілет-қарымына, таланты мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздар алдында тұрған басты мақсат-іскер, білімді, сыни тұрғыдан ойлай алатын, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады. Білім ошағының табалдырығын аттаған оқушылардың барлығы талантты, дарынды. Тек олардың бойындағы қабілетін ашып, жан-жақты дамуына жол сілтеп, шығармашылық қатынасын, азаматтық белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор. Бұл бағыттағы жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде шәкірттеріміз түрлі деңгейдегі жарыстар мен байқауларда, олимпиадаларда топ жарып, мектеп-лицейіміздің мәртебесін биіктетіп келеді.

«Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-сынып оқушысы Бердібаев Елнұр Дәрібайұлы 2025-2026 оқу жылындағы ауыл мектептеріне арналған пәндік олимпиаданың аудандық,облыстық кезеңінде І орын алып республикалық кезеңінде жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі математика пән мұғалімі Сапарбаева Ақманат Нұралықызы.Химия пәнінен қатысқан дарынды оқушымыз Алғабасқызы Әмина 9 сынып оқушысы,пән мұғалімі Сейтман Меруерт Болысбекқызы,сынып жетекшісі Перизат Дүйсенбайқызы,Әмина шәкіртіміз аудандық,облыстық ауыл олимпиадасының жүлдегері ,республикалық кезеңінің қатысушысы.

Бердібаев Елнұр Дәрібайұлы жан-жақты дарынды,қабілетті оқушы.Қандай бағыттағы байқаулар мен олимпиадалар болсын қатысып, жүлдемен оралады.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», — деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Мектеп өмірінде болып жатқан түрлі іс-шараға белсене қатысып, білім, өнер додаларында сан мәрте жеңіс тұғырынан көрініп жүрген дарынды шәкірттеріміздің еңбектері қашан да елеулі. Мұғалімдерінің ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленген оқушыларымыздың бойларындағы дарындық қасиет ата-анасынан бойларына дарып, өскен ортасында, яғни, мектеп қабырғасында шыңдалып, ұстаздарының қолдауымен жетіле түсті.

Осындай игі қасиеттерді бойына жинап, жетекшілік етіп жүрген сыныбына бар мейірімін төгіп, биіктерді бағындыруына себепші бола білген тарих пәнінің мұғалімі Айжан Сейдімханқызы мен балалардың жұлдызын жағуға бағыт- бағдар беріп жол көрсетуші мектеп-лицей директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары Нұрбекова Кенжеайым Бұралқызының ерен еңбегін мақтанышпен айта аламыз.Елнұрдың алғашқы ұстаздары Дәнегүл Көшербайқызы мен Нағима Зұлпыхарқызының бала бойындағы дарынды танып, жетілдіруде еткен еңбектері зор. Оқу мен тәрбиені қатар ала білген мектебіміздің озық ойлы шәкірттерін әрдайым мақтан етеміз.

«Ұрпағы білімді халықтың – болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, 90 жылдан асқан тарихы бар, қасиетті қарашаңырақ Жамбыл атындағы мектеп-лицей қабырғасынан білім алған аяулы шәкірттеріміздің арқасында мектебіміздің мерейі әлі талай артып, абыройы қашан да асқақ боларына сеніміміз мол.

«Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызы

https://www.facebook.com/share/p/1CZSvWSoKL/