БІЛІМ - НЕГІЗІ БАСТАУЫШ!![]()
2026 жылдың ақпан айының 2-ші жұлдызында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің "Жас қанат" бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі айлығының ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
02.02.2026 ж-27.02.2026 ж аралығында "Жасанды интеллектті білім беру процесіне кіріктіре отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту"тақырыбындағы іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибе алмасу.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту, жаңартылған білім мазмұны негізінде тиімді оқыту әдістерін насихаттау және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
![]()
![]()
Бұл апталық мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, шығармашылық атмосфера қалыптастыру, сонымен қатар білім беру жүйесінің инновацияларын енгізуде маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер өздерінің пәндерінен озық тәжірибелермен бөлісіп, жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлайды.
Оқу үрдісінің сапасын арттыру және білім жетістіктерін көтеру мақсатындағы осындай бастамалар – еліміздің білім беру жүйесінің дамуындағы маңызды қадам!





