БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР АЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын арттырудағы қолданылатын жасанды интеллект» тақырыбындағы айлық іс-шараның жабылу салтанаты болып өтті.
Айлық барысында ашық сабақтар, көңілді үзілістер ұйымдастырылды. Шара барысында жоспарланған барлық ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар уақытында өткізілді.
Айлықтың негізгі мақсаты:
Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және ойлау қабілеттерін дамыту.
Мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасу.
Жалпы қорыта айтқанда, "Жас қанат" бастауыш сыныптар бірлестігі айлығы барысында өз қойған мақсатына жетті.
Ай бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене араласып, қызығушылықтарын танытты. Апталық соңында оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
#Түркістан_облысы_білім_басқармасы
#Біртұтас_тәрбие_Түркістан_облысы #Отырар_аудандық_білім_бөлімі