Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Балаларды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайық

Отырар аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторларының қатысуымен Жамбыл атындағы мектеп-лицей мұғалімдері мен қызметкерлеріне арналған маңызды топтық семинар өткізілді.

Аталған іс-шара Отырар АПБ-нің 2026 жылғы II тоқсанға арналған жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, «Балаларды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайық» тақырыбын қамтыды.

Семинар барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, қиын жағдайдағы отбасылармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу өтті.

Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның басты құндылығы. Сондықтан мұндай іс-шаралардың маңызы зор.

https://www.facebook.com/share/v/1BQjfUJoGp/