Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

БАЛАЛАР ЖУРНАЛДАРЫ – БІЛІМ МЕН ҚИЯЛ ӘЛЕМІ

БАЛАЛАР ЖУРНАЛДАРЫ – БІЛІМ МЕН ҚИЯЛ ӘЛЕМІ 🌈

Кітапхананың онкүндігі аясында "Жас қанат " бірлестігімен ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі – балалар журналдарына арналған танымдық бұрыш. Шара барысында оқушылар түрлі балалар журналдарымен таныстырылып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы мәлімет алды.

Балалар журналдары – қызықты әңгімелер мен ертегілерге, түрлі ойындар мен танымдық тапсырмаларға толы ерекше әлем. Олар арқылы балалардың ой-өрісі кеңейіп, қиялы дамып, білімге деген қызығушылығы арта түседі.

📖 Кітапхана – білім ордасы, ал балалар журналдары – сол білімге апарар жарқын жолдың бір бөлігі.

Онкүндік барысында ұйымдастырылған әрбір іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына өз үлесін қосуда.

✨ Кітап оқыған бала – болашағы жарқын ұрпақ!

#КітапханаОнкүндігі #БалаларЖурналы #ОқуМәдениеті #Білім #ҚиялӘлемі

https://www.facebook.com/share/v/1BAEfNz4XV/