Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

🌹"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ"

🌹"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

"Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Абызбектің ұйымдастыруымен мектеп тәлімгері Н.Шанкибаева және өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері жыл бойы "БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" байқауын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты: қазақтың ұлттық құндылықтары мен мәдениетін дәріптеу, жастар арасында сұлулық пен әдептілікті, тазалық пен қамқорлықты қалыптастыру болып табылады.

🌹Бұрымды болу тек сыртқы сұлулық емес, сонымен қатар ішкі байлықтың, адалдықтың, қамқорлықтың белгісі екені сөзсіз. Әрбір бұрымды қыз өзінің ерекше тұлғалығын, ұлттық дәстүрлерді ұстанатындығын білдіреді. Бұл челленджге қатысқан қыздарымыздың әрқайсысы өзінің ұлттық болмысын, әсемдігін паш етіп, баршаға үлгі боларлықтай бола білді.

🌹Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын - деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында мектептегі қыздарымыз шаштарын екіге бөліп,өріп келулері керек.Мектеп-лицейіміздің түлегі Гаухар Құрманбекқызының демеушілігімен жеңімпаз қыздарға сыйлықтар үлестірілді.

🌹Нәтижесінде "Үздік бұрымды арулар" марапатталды. Олар тек сыртқы әсемдігімен ғана емес, тәртібімен, білімдерімен, өмірге деген дұрыс көзқарастарымен ерекшеленіп, болашақта ел алдындағы жауапкершілікті сезінетін нағыз үлгілі азаматтар боларына сенімдіміз.

🌹Бұл байқау жастардың бойында ұлттық тәрбие мен рухты дамытуға үлкен әсер етті, әрі өз дәстүрімізді сақтап, жаңғыртудың маңыздылығын ұғындырды.

🌹Мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы бұрымды қыздарымызға ізгі тілегін арнап,демеушілік жасаған Гаухар Құрманбекқызына ұжым атынан алғыс білдірді.Келесі жылы да бұл байқау тұрақты өткізіліп тұратындығын хабарлады.

#Біртұтастәрбие

#Бұрымдықыз

https://www.facebook.com/share/p/16a6sqx7vj/