АТА-АНАЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жазғы демалыс мерзімі жақындап келе жатқаны баршаға белгілі. Осыған орай мектебіміздің ата-аналарына өрт, су қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балаларды назардан тыс қалдырмай, үнемі бақылауда ұстауға кеңес берілді. Әрбір әрекетінен хабардар болып, жауапкершілікпен қарау туралы сөз болды.