АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 15 қыркүйек күні 1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен әр сыныпта ата-аналарымен жиналыс өтті.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1 . «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасын таныстыру
2. Жаңа оқу жылының келісім шартымен танысу
3. Ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау .
Ата-аналар жиналысында мектептің ішкі тәртіп ережелерімен және қауіпсіздік талаптарымен толық таныстырылды.
Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың, нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті ортақтасу.